Астанада бірінші ауысым оқушылары мен студенттері ертең қашықтан оқиды
Жарияланған күні:
Астананың білім басқармасы өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында ертең бірінші ауысым оқушылары мен студенттері қашықтан оқитынынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"2023 жылдың 10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, синоптиктер бұған дейін еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытып, термомерт көрсеткіштері -43 градус аязға дейін көтерілетінін хабарлаған еді. Осыған орай, бүгін елорда әкімдігі қаладағы көктайғақ пен күн райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға далаға көп шықпауға кеңес берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004704-astanada-birinsi-auysym-oqusylary-men-studentteri-erten-qasyqtan-oqidy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.