Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

McDonald's әлем бойынша қызметкерлер санын азайтады

Опубликовано:

McDonald's фаст-фуды
McDonald's фаст-фуды. Көрнекі фото: pixabay.com

McDonald's басшылығы компанияның қайта құрылуына байланысты алдағы уақытта болатын қысқартулар туралы хабарлады. Айтуларынша мұндай қысқартулар корпоративті қызметкерлерге қатысты болмақ. Сонымен бірге олар осы арқылы компания шығын көлемін азайтып, инвестицияға қажет қаражатты таба алады дейді. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, McDonald's-тың атқарушы директоры Крис Кемпчински фаст-фуд индустриясы алыбына ескі әрі шектеулі құрылым тек зиян тигізетінін айтқан. Басшылық әлем бойынша қызметкерлеріне жолдаған хатында сәуір айына таман компания штаттық кестені қайта қарайтынын хабарлаған.

Айта кетерлігі, McDonald's-та бүгінде корпоративтік қызмет атқаратын 20 мыңнан астам қызметкер бар және олардың 75 пайызы АҚШ-тан тыс жерде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Крис Кемпчински компанияның кей жобалары толығымен жабылатынын атап өткен.

"Бұл бізге жаһандық шығындарды қысқартып, даму мақсатында жұмсалатын инвестицияға қажет қаражатты таба алатын мекеме ретінде одан ары дамуымызға жол ашады", - деп жазылған оның инвесторлар мен қызметкерлерге жазылған хатында.

Еске салсақ, өткен аптада Украинада орын алған жағдайға байланысты McDonald's қазақстандық нарықтан кететіні жайлы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004747-mcdonalds-alem-boiynsa-qyzmetkerler-sanyn-azaitady/

pixel