jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

158 жол-көлік оқиғасы тіркелді: Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полициясы ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасап, оларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін, көлік жүргізу мәдениетін сақтауға және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді", - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.

Полиция департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, тек өткен тәулікте Алматы қаласында 158 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Олардың ішінде 25 адам жарақат алған. Қайтыс болғандар жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы аптада Алматыда 25 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.

158 жол-көлік оқиғасы тіркелді: Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.