Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Таиландта жоғалып кеткен екі қазақстандық жігіт туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлер кабинетінің кулуарында шетелге жұмыс істеу үшін кетіп, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен екі қазақстандық жігіт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Смадияров екі қазақстандық азамат Оңтүстік-Шығыс Азияның "алтын үшбұрышы" деп аталатын аймақта еңбек құлдығына түскенін растады.

"Олар өткен жылдың желтоқсан айының соңында біздің Таиландтағы елшілікпен байланысқа шыққан. Олардың ата-аналары да бізге көмек сұрап жүгінді. Жағдай күрделі: бұл жерде мемлекеттік органдармен ғана емес, үкіметтік емес ұйымдармен де бірлесе жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Ол жерде тек Қазақстан азаматтары ғана емес, басқа да елдердің азаматтары бар. Сол себепті мәселені кешенді түрде шешу қажет", - дейді СІМ өкілі.

Айбек Смадияров жоғалған екі жігітке қатысты мәселе Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

"Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда қазір жоғалған екі азаматтан хабар жоқ, мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын", - дейді ол.

Жоғарыда СІМ өкілі атап өткендей, мұндай жағдайға Қазақстан азаматтары бірінші рет тап болып отырған жоқ. Былтыр тағы бір азаматыз да осындай мәселеге тап болып, билік өкілдері оған елге қайтуға көмектескен еді.

"Біздің азаматтарға айтарымыз, шетелге жұмысқа бармас бұрын, алдымен келісімшартпен мұқият танысқан абзал. Себебі ол сіздің жеке жауапкершілігіңіз", - дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Тараздың 23 жастағы тұрғыны мен Қарағанды облысының 25 жастағы тұрғыны табыс табу мақсатымен Дубайға кетіп, кейін із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Қазақстандық екі жігіт желтоқсан айының соңынан бастап жақындарымен байланысқа шықпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004941-sim-tailandta-zogalyp-ketken-eki-qazaqstandyq-zigit-turaly-pikir-bildirdi/