Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат мәжіліс қаңтар айында таратылуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Мәжіліс
Мәжіліс ғимараты. Көрнекі фото: Рarlam.kz

Мәжіліс кулуарында депутат Арман Қожахметов Қазақстан парламентінің төменгі палатасы қаңтар айында таратылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арман Қожахметов бұған дейін президент бірінші жартыжылдықта мәжілісті тарату туралы шешім қабылданатынын айтқанын атап өтті.

"Ол үшін барлығы дайындалды, мен нормативті-құқықтық базаны айтамын: мәслихат пен парламент мәжілісіне сайлаудың аралас жүйесі болатыны үшін тиісті заңдарға түзетулер енгізілді. Сондықтан мен мұның жақын арада болатынын жоққа шығармаймын", – деді ол.

Дегенмен, ол нақты күнді атаған жоқ, тек қана осы айда болуы мүмкін деп болжады. "Мен күнін әлі білмеймін, мүмкін осы айда", – деп қосты парламентарий.

Алдағы мәжіліс сайлауында депутаттық мандат үшін күресесіз бе деген сауалға Қожахметов мұндай шешімді өзі мүше болып табылатын партия қабылдайтынын айтты.

"Мұны партия шешеді, мен Amanat партиясының мүшесімін. Бұл мандаттарға таласатын кандидаттардың тізімі съезде анықталады", – деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004976-deputat-mazilistin-qantar-aiynda-taratyluy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel