Қазақстанның ірі қалаларында бүгін аяз күтіледі
Жарияланған күні:
Бейсенбі, 12 қаңтарда Алматы мен Астанада қатты аяз күтіледі, ал Шымкентте ауа темпаретурасы -12 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда 15-17 градус аяз күтіледі, күн ашық, желдің жылдамдығы 0-5 м/c болады деп болжануда. Айта кетейік, қатты аяз салдарынан алматылық оқушылар бүгін қашықтан оқитын болады.
Астанада термометр көрсеткіштері -17...-19 градус аязды көрсетеді, бұдан бөлек елордада қар жауып, желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ке жетуі мүмкін. Астаналық оқушылар да бүгін онлайн форматта оқиды.
Шымкентте ауа температурасы -10...-12 градусқа дейін төмендейді, үшінші мегаполисте күн ашық болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005037-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-bugin-ayaz-kutiledi/