jitsu gif branding logo appbranding logo app

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде тағы да дауылдық ескерту жариялады

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер, ертең, 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамынша, ертең Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында оның екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Сол сияқты Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-ке дейін артады.

Сонымен қатар Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ты құрайды деп болжанып отыр.

Павлодар облысында да жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Сол сияқты Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15-20 м/с-ті құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде өңірдің басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз күтіледі.

Бұдан бөлек, түнде Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болады.

Ал, Шымкентте 25 градус қатты аяз күтіледі.

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде тағы да дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.