Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көпбалалы жалғызбасты ананың үйі өртеніп кетті (фото)

Жарияланған күні:

Шымкентте үйі өртенген көпбалалы, жалғызбасты ана
Назира Дүйсебаева. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкентте алты баласы бар, перзенттерінің бірі ерекше күтімді қажет ететін Назира Дүйсебаеваның жалға алып тұрған үйінен өрт шығып, баспанасыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай тұрғындары қаладағы саяжайды сүруге қарсы шықты

Балаларының үлкені 13 жаста болса, кішісінің жасы 2-де. Өрт 12 қаңтар күні болған.

Шиеттей балаларымен далада қалған ана туралы көршісі Альмира Сатыбалдиева әлеуметтік желіде видео жариялап, елден көмек көрсетуді сұрады.

"Жалғызбасты көпбалалы ана, өзі жетім өскен қыз, көршім. 12 қаңтар таңғы алтыларда үйінен өрт шығып, алты баламен далада қалды. Бір баласының мүмкіндігі шектеулі. Киім кешегі, үйдегі заттары жанып кеткен. Жолдасы жоқ. Көмек беріңіздер", — дейді көршісі.

Шымкентте үйі өртенген көпбалалы, жалғызбасты ана
Шымкентте өртенген үй. Фото: KAZ.NUR.KZ

Өртенген үйдің өзін жалғызбасты ана жалға алып тұрып жатқан.

"Алты баланың әкесі тірі. Ішімдікке салынып кеткен, бізбен шаруасы жоқ. Өзім ерекше күтімді қажет ететін баламмен үйде отыруға мәжбүрмін. Жұмыссызбын. Жәрдемақымен күнелтіп келеміз. Көмек қолын созамын деген қайырымды жандардың әрқайсысына Алла разы болсын. Үйдегі бүкіл зат, киім-кешек өртеніп кетті. Кез келген көмекке мұқтажбын", — дейді жалғызбасты ана.

Шымкентте үйі өртенген көпбалалы, жалғызбасты ана
Шымкентте өртенген үй. Фото: KAZ.NUR.KZ

Аталған жағдайдан хабардар болған "Аманат" партиясының Шымкент қалалық филиалы қиын жағдайда қалған жалғызбасты анаға көмекке ұйытқы болды.

"Көпбалалы жалғызбасты ана екі бөлмелі күрке үйді паналап келген екен. Өрт салдарынан баспанасыз қалған жандарға жәрдем беру мақсатында "Аманат" партиясы Шымкент қалалық филиалының басшылығы қаржылай көмек көрсетті.

Партияның Шымкент қалалық филиалы, әкімдік, қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен көпбалалы отбасы демеушілердің есебінен уақытша тұратын үйге орналастырылды. Үйдің арендасын төлеп берді. "Аманат" партиясы партияластарына үндеу жасап осы кісіге көмек беруге ат салысып жатыр", — дейді "Аманат" партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Кейінірек өңірдегі портал тілшісіне белгілі болғандай, үйі өртенген көпбалалы анаға жиналған қаражатқа баспана алу мәселесі қарастырылуда. Қазіргі таңда 10 млн теңге жиналған.

Көпбалалы жалғызбасты анаға көмек қолын созамын деген жандар 8 702 762 14 57 нөміріне хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005276-symkentte-kopbalaly-zalgyzbasty-ananyn-uii-ortenip-ketti-foto/