jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматыда соңғы рет -27 градус аяз 54 жыл бұрын тіркелген

Қыс
Қыс. Фото: pexels.com

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты жаңартты. Ауа температурасының - 27,8 градусқа дейін төмендеуі соңғы рет 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметінше, Алматыдағы төмен ауа температурасы Шымбұлақта тіркелген.

Шымбұлақта сынап бағанасы -27,8 градусты көрсеткен. Қаңтардың мұндай сарышұнақ аязы соңғы рет 1969 жылы тіркелді. Ол кезде -27 градус болған.

Сонымен қатар синоптиктер "Мыңжылқы" метеостанциясында -32,4 градус тіркелгенін хабарлады.

Синоптиктердің айтуынша, биыл Алматыдағы қыс қаһарына мінген. Басқа жылдармен салыстырғанда аяз қатты болды.

"Қазгидромет" арктикалық антициклонның елде бірнеше күнге сақталатынын айтады.

"Атмосфералық бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар және жаяу бұрқасын болжанады. Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 5-17 градус аязға дейін жоғарылайды. Және ауа температурасының негізгі фоны түнде солтүстік батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 аяз, орталықта 17-28 аяз, шығыста 18-32 градус аяз", - деді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

Алматыда соңғы рет -27 градус аяз 54 жыл бұрын тіркелген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.