jitsu gif

Қазақстанның үш ірі қаласында күн жылынады деп күтілуде

Қысқы таң
Қысқы таң. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер сенбі, 14 қаңтар күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын хабарлады. Сондай-қ, жұмамен салыстырғанда аздап күн жылынатыны белгілі болды. Ақпарат "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланған.

14 қаңтар күні Астанада қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз -12...-14 градус шамасында болса, бір күн бұрын -15...-17 градус болатын. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.

Мамандар сенбі күні Алматыда көшпелі бұлт шығатынын айтады, жауын-шашын күтілмейді. Күндізгі ауа температурасы -11...-13 градус шамасында болса, 13 қаңтар күні -13...-15 градус болатын. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Шымкентте синоптиктер жауын-шашынсыз күн ашық болады деп отыр. Күндіз ауа температурасы -8...-10 градус шамасында болады деп күтілсе, жұма күні -10...-12 градусты көрсеткен болатын. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысында аяздың беті қайтатыны хабарланған болатын.

Қазақстанның үш ірі қаласында күн жылынады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.