Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтарға мұз сүңгілерінің құлау қаупі ескертілді

Опубликовано:

Мұз сүңгілері
Мұз сүңгілері. Көрнекі фото: Рexels.com

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары астаналықтарды абай болуға және ғимараттардан шығарда шатырлардағы қар мен мұздың жиналуына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті қардың көп мөлшерде жаууына байланысты ғимараттардың шатырларынан қар және мұз сүңгілерінің құлау қаупі барын ескертті.

"Сол себепті сақ болып, мүмкіндігінше ғимаратқа жақын жүрмеу қажет. Ғимараттан шыққан кезде құлауы мүмкін жерлерді айналып өту керек. Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аудару қажет.

Егер сіз жаяу жүргіншілер жолында келе жатып, келеңсіз дыбыс естіген болсаңыз, жоғары қарап тұрмай, тез арада қауіпсіз тұсқа жүгіруіңіз керек", — деп ескертті ТЖД мамандары.

Мүмкіндігінше ғимараттар мен құрылыстардың жанына көлік қоймаған жөн, онда мұздар мен қардың құлау қаупі бар.

Мамандар ғимараттардың шатырын қардан тазалаған кезде міндетті түрде қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс екендігін еске салды, сол сияқты жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде жүруге тыйым салынатын белгілер қойып, қоршалуы қажеттігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005367-astanalyqtarga-muz-sungilerinin-qulau-qaupin-eskertti/

pixel