Еліміздің үш ірі қаласында аяз сақталады
Жарияланған күні:
Еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы және Шымкентте апта басында күн ашық болады деп күтілуде. Мегаполистерде түнде аяз сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз -8...-10, түнде -20...-22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады деп күтілуде.
Алматыда да күн ашық, аздап бұлтты болуы мүмкін. Мегаполисте күндіз -7 ... -9 градус, түнде -15 ... -17 градусқа дейін суық.
Шымкентте синоптиктердің болжауынша, күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны -4 ... -6 градусты көрсетсе, түнде күрт суытып, -17 ... -19 градусқа дейін барады. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005417-elimizdin-us-iri-qalasynda-ayaz-saqtalady/