Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рейсі кешіккендіктен аш қалған Ақтөбе тұрғыны әуе компаниясын сотқа берді

Опубликовано:

Ұшаққа бет алған жолаушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Рейстің кешіктірілгені үшін жолаушыларды тамақтандырмаған "Qazaq AIR" авиакомпаниясы 600 мың теңгеден астам сома айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, "Ақтөбе-Астана" бағытындағы рейс 4 сағат 40 минутқа кешіккен соң жолаушы тасымалдаушы компанияны сотқа берген.

Ақтөбе тұрғынының шағымын қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

Іс материалына сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, "Qazaq AIR" команиясының әуе рейсі 4 сағат 40 минутқа кешіккен. Компания өкілі "Ақтөбе-Астана" бағытындағы рейстің кешігу себебін ұшақтың кеш келуімен байланыстырған.

БАҚ мәліметінше, сот отырысында шағым түсірген жолаушы рейстің кешіктірілуіне байланысты өзіне тамақ пен сусын берілмегенін айтқан.

Еліміздің "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға сәйкес "Qazaq AIR" компаниясы жолаушыны тамақтандыруы тиіс болған.

Алайда тасымалдаушы компания өкілі шағыммен келіспеді. Басылым мәліметінше, сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Ал жолаушы сағат 00.40-та ауқаттанғысы келген. Ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған. Жолаушыны тамақтандыру қиындығы содан туған. Сот отырысы кезінде "Qazaq AIR" компаниясының өкілі істі тоқтатуды сұрады.

Судья тараптарды тыңдаған соң, шешімін шығарды.

Сот үкіміне сүйенсек, "Qazaq AIR" компаниясына 612 мың 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005492-reisi-kesikkendikten-as-qalgan-aqtobe-turgyny-aue-kompaniyasyn-sotqa-berdi/

pixel