Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәрігер Шумковты өлтірген ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Сонымен бірге сотталушы жәбірленуші тарапқа моральдық өтемақы ретінде 15 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, былтыр сәуір айында Алматыда 47 жастағы азаматты өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған еді.

Кейін марқұмның қаладағы белгілі дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумков екені анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005544-almatyda-dariger-sumkovty-oltirgen-er-adam-18-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel