jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Тойда қонақтарды ұршық иіріп жарыстырған асабаға көпшілік риза болды

Әжелер
Әжелер. Скриншот: tiktok.com/@erbolbaten

Әлеуметтік желіде тойға келген қонақтарға ұршық иіріп, ерекше ойын түрін ұйымдастырған асабаның видео тарады. Ұршық иіру өнерін насихаттаған той жүргізушісіне көпшілік риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асабаның видеосы TikTok желісіне жарияланған.

Видеодан бір топ нәзік жандылардың мейрамхана ортасында ұршық иіріп отырғанын көруге болады.

Ойынға шыққан әр қыз-келіншектің қолына бір-бір ұршық ұстатқан асаба олардың жіпті қалай иіргенін сарапқа салып тұрған.

"Мына кісілер ұршық иіріп отыр. Ал мына кісілер ұршықпен ойнап отыр", - деп әзілдейді той басқарушысы.

Желі қолданушылары асабаның ұлттық құндылықты дәріптегеніне ризашылық білдіріп, пікір қалдырды.

"Осындай тойға барғым келеді", "Керемет көрініс", "Қандай керемет. Қазір ешкім ұршық иірмейтін шығар", "Асабаға рахмет", "Тойда қажетсіз ойындар көп", "Біздің ұлттық құндылығымызды осылай тойда насихаттау керек", - деп жазды желідегілер.

Тойда қонақтарды ұршық иіріп жарыстырған асабаға көпшілік риза болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.