Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдарбек Хожаназаров Respublica партиясы ресми түрде тіркелгенін хабарлады

Опубликовано:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Respublica партиясы еліміздің Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партия төрағасы Айдарбек Хожаназаров өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінен Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.

Енді біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апта мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті", – дейді Айбек Хожаназаров.

Партия төрағасы өздеріне сенім мен қолдау білдірген жандарға алғыс айтып, партия мүшелерін жеңісімен құттықтады.

"Партияның барлық мүшесін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді.

Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын!", – дейді Айбек Хожаназаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005860-elimizde-respublica-partiyasy-resmi-turde-tirkeldi/

pixel