Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано:

Рамиль Мухоряпов
Рамиль Мухоряпов. Фото: instagram.com/rrm777

Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы және тең құқылы иесі Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласының полиция департаменті Алматы қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізгенін хабарлайды.

Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылдады. Алматы қаласының прокуратурасы процессуалдық шешіммен келісті", – деп атап өтті құзырлы органның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, былтыр қазан айында Рамиль Мухоряповтың жиындардың бірінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі желіде дау туғызған болатын.

Кейін кәсіпкер желідегі парақшасында айтқан сөзі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005930-ramil-muxoryapovqa-qatysty-qylmystyq-is-zabyldy/

pixel