jitsu gif

Алматыда аязда бір адам үсіп өліп, 11 адамның аяқ-қолын үсік шалды

Аяз
Аяз. Фото: pexels.com

Қаңтар айының өткен аптасында Алматыда медициналық көмекке жүгінетіндер саны күрт артқан. Оңтүстік астанада аяз басталғалы 124 адам көктайғақта құлап, түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен қатар арна мәліметінше, Алматының аязында бір адам үсіп өліп, 11 адамның аяқ-қолын үсік шалған.

КТК мәліметінше, Алматының аязды күндерінде 124 адам көктайғақта құлап, түрлі дене жарақатын алған.

Сонымен қатар 34 адамның миы шайқалып, 11 адамның аяқ-қолын үсік шалған.

Мамандардың мәліметінше, қарттар  мен балалардың ұзақ уақыт суықта жүрмеуін қадағалау керек.

"10 қаңтардан бастап, бүгінгі күнге дейін 11 адамды үсік шалды. Өкінішке орай, біреуі көз жұмды. Иммунитеттің төмен болуы мен дымқыл киімнің кесірінен үсік шалады. Сондықтан жылы әрі емін-еркін қозғала алатындай киім кию керек. Сондай-ақ қолғап, шарф пен бас киімді ешқашан тастамау қажет", - деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Дәулет Асанов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.