Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Көрнекі фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті аяқталды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті аяқталды. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол бақылауда. Операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында атақты кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті", - делінген жазбада.

Бұған дейін қазақстандық медиа-менеджер Александр Аксютиц өзінің Facebook парақшасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға түскені және оған операция жасалуы ықтимал екені туралы жазған болатын.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қазір 82 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006127-nursultan-nazarbaevtyn-zuregine-ota-zasaldy/

pixel