jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысында мұғалімдер жазған ашық хаттан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Қостанай облысындағы мектеп
Мектеп. Фото: Kstnews.kz

Әлеуметтік желіде Қостанай облысы Мичурин ауылындағы мектеп мұғалімдерінің атынан жазылған ашық хат пайда болды. Содан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Қостанай облысының білім басқармасы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Ашық хатта ұстаздар мектеп директорының мұғалімдердің телефондарын үнемі тексеріп отыратынын және ақша жинайтынын айтып, шағымданған.

"Директор Даданова балаларды балағаттауға жиі жол береді. Мәселен, ол баланы дарынсыз деп айтып, баланың ар-намысына тиіп, оны қорлайтын сөздер айтады", - дейді олар ашық хатта.

Ал ұжымның бір бөлігі директор Айнаш Даданованы қорғап, бірнеше мұғалімнің әлеуметтік желіде таратқан ашық хатында айтылған жайттарды жала деп атады.

Бұл ретте басылымға Қостанай облысының білім басқармасы қазір жұмыс тобының барлық мән-жайды зерттеп жатқанын, Мичурин атындағы мектеп директорының қызметінен кеткенін хабарлаған. Ведомстводағылар мұны директордың денсаулығының нашарлауы себеп болғанымен түсіндірген.

Қостанай облысында мұғалімдер жазған ашық хаттан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.