jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Үйден сланцымен шығып кеткен": Семейде 30 жастағы ер адам бір айдан бері іздестірілуде (фото)

Алтай Болатов
Алтай Болатов. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Семейде 1 айдан бері 30 жастағы Алтай Болатов есімді ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Белгілі болғандай, Алтай Болатов 2022 жылдың 27 желтоқсанында үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, сол күйі оралмаған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуде.

"Ер адамның психикалық ауытқуы болғандықтан, есін білмеуі мүмкін", - деп қосты полицейлер.

Құзырлы органның мәліметінше, Алтай Болатовты іздестіруге 30-ға жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстары Затон және Мирный аудандарында жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары Алтай Болатовтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса "102" арнасына хабарласуын сұрайды.

Ер адамның белгілері: арықтау келген, бойы 175 см, көзінің түсі қоңыр, шашы қара. Үйден шыққанда үстінде қара-көк түсті футболка, қара куртка, басында қара шапка, қара трико, аяғында үйге киетін сланцы болған.

Алтай Болатовқа іздеу салынған хабарландыру
Алтай Болатовқа іздеу салынған хабарландыру. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

"Үйден сланцымен шығып кеткен": Семейде 30 жастағы ер адам бір айдан бері іздестірілуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.