Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жылудың қайта берілгеніне көз жеткізу үшін Рудный тұрғынының пәтеріне барды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Рудный тұрғынының пәтерінде
Қасым-Жомарт Тоқаев Рудный тұрғынының пәтерінде отбасы мүшелерімен әңгімелесуде. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғыны Олеся Герядің үйіне бас сұққан.

Олеся Герядің сөзінше, жөндеу жұмыстарынан кейін жылу беріліп, қазір балалары жаурамай жылы үйде тұрып жатыр.

Ол сондай-ақ жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты. Сондай-ақ жылу құбырының жарылуы салдарынан зардап шеккен Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006251-toqaev-zyludyn-qaita-berilgenin-koz-zetkizu-usin-rudnyi-turgyndarynyn-birinin-paterine-bardy-video/

pixel