Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қар жаууы ықтимал: дүйсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

қыс кезі
Көшеде кетіп бара жатқан тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 23 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, ауқымды Солтүстік-батыс антициклон әсерінен бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейіп, қиыр оңтүстігінде тұман күтіледі.

Сонымен қатар синоптиктер бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады.

Мамандардың мәліметінше, Алматыда ауа температурасы -3...-5 градус аралығында болады. Жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада қар жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы -3...-5 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі - Шымкент тұрғындарын бүгін де шуақты ауа райы күтіп тұр. Күндіз қалада +2 градусқа дейін жылы болады. Желдің жылдамдығы 8 м/с-тан 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006313-astanada-qar-zauuy-yqtimal-duisenbide-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/