Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналистерге Боранбаевтың ісі бойынша соттан материалдар жариялауға тыйым салынды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

Астана сотында судья кейбір журналистер кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан сот тергеуіне қатысты қоғамда теріс пікір қалыптастыруға тырысып жатқанын айтты. Осыған байланысты сот үкімі шыққанға дейін БАҚ өкілдеріне сот залынан аудио-видео жазбалар таратуға және материалдар жариялауға тыйым салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кейбір журналистер өздерінің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында сот процесінің үзінділері бар бейнежазбаларды жариялаған. Бейнежазбаға монтаждау арқылы бағалау пайымдаулары бар субтитрлер қойылған, олар сотта төрағалық етушінің ескертпесінен кейін аккаунттан өшірілді.

Куәгерлер сотқа өздерінің жеке деректері мен соттағы айғақтардың БАҚ-та таралуына қарсы екенін айтып, жүгінді. БАҚ-та куәгерлердің рұқсатынсыз олардың дербес деректерінің таралуы, бұл "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 10-бабының ережесін бұзу болып табылады.

Журналистер өздерінің субъективті пікірі арқылы сот тергеуі туралы қоғамдық теріс пікірді алдын-ала қалыптастыруға тырысады, бұл заңға қайшы", – дейді судья Назгүл Бапакова.

Сот БАҚ өкілдеріне сот отырысы залында аудио және видео жазба жасауға тыйым салу туралы қаулы шығарды. Журналистерге отырыстарға қатысуға және жазбаларды қолмен жазуға рұқсат етіледі, өйткені бұл ашық процесс, бірақ соттан материалдар жариялауға тыйым салынады.

Журналистер судьядан куәгерлер мен сот қатысушыларының пікірін сот отырысы өтетін залдың сыртында жазып алуға рұқсат па деп сұрады. Судья бұған да тыйым салынғанын жеткізді.

Еске салсақ, кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы 30 желтоқсанда басталған болатын. Кәсіпкер мен тағы екі тұлғаға мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

Бірақ Қайрат Боранбаев өзіне тағылған айыптың мәнін түсінбейтінін және өз кінәсін мойындамайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006380-zurnalisterge-boranbaevtyn-isi-boiynsa-sottan-materialdar-zariyalauga-tyiym-salynady/

pixel