jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің мегаполистерінің бірінде 22 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Қар басқан орман
Қыстың күні. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 24 қаңтарда еліміздің үш ірі қаласы - Алматы, Астана және Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін күндіз Алматыда -3...-5 градус, түнде -12...-14 градус суық болуы мүмкін. Оңтүстік астанада жауын-шашын болмайды, дегенмен желдің жылдамдығы 0-5 метрге дейін жетеді деп күтіледі.

Астана қаласында сынап бағаналары күндіз -8...-10 градус аязды көрсетсе, түнде -20...-22 градусқа дейін суық болуы ықтимал. Елордада күн ашық болғанымен, жел 3-8 м/с күшеюі мүмкін.

Ал Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп болжануда. Күндіз -1...-3 градус болса, түнде сынап бағанасы -11...-13 градусқа дейін түседі. Қалада жауын-шашын жаумайды, десе де желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін алдағы үш күнде ел аумағында ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Бүгін еліміздің мегаполистерінің бірінде 22 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.