Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше механизмді қолданамыз": Жеңіс Қасымбек елордада интернет сапасын қалай жақсартатындарын айтты

Опубликовано:

ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада интернет сапасы мен жылдамдығына қатысты қала тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Қасымбек өз сөзінде астаналықтардан интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты шағым түсіп жатқанын атап өтті.

"Қаламызда мұндай проблемалар бары жасырын емес. Негізінен құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандар мен елдімекендерде кездеседі. Сол сияқты интернет құрылыс қарқынына ілесе алмайтын сәттер де болып тұрады.

Бұл мәселеде құрылыс компаниялары байланыс құрылысын қоса ескеруін, ал байланыс операторлары мен өзге де жауапты органдар құрылыстың жоспарына қатысуын қарастырамыз. Осындай өзекті мәселелерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, Қазақтелеком басшысы Қуанышбек Есекеевпен, ұялы байланыс операторларының өкілдерімен және т.б. бірлесе талқыладық", - дейді ол.

Бұл талқылаудың нәтижесінде Астанада интернеттің сапасын жақсарту үшін бірнеше механизм қолданылатын болып шешілген.

"Қалада интернеттің сапасын жақсарту үшін бірнеше механизмді қолданамыз. Олар – оптикалық байланыс желілерін, антенна-діңгек құрылысын, FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша базалық станцияларды орнату. Бұл жұмысқа инвесторларды да жұмылдырамыз.

Сонымен қатар жарықтандыру және электр желісінің тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды, бұл елдімекендердегі интернет сапасын едәуір жақсартады. Көктал-1, Агроқалашық, Интернациональный, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Телман, Мичурин, Қазқалашық, Кирпичный елдімекендерінде оптикалық байланыс желілерін салу жұмысы жүріп жатыр, тағы 3 елдімекен бойынша инвесторлар тартамыз", - дейді елорда әкімі.

Оның сөзінше, бірақ мұның өзі де жеткіліксіз.

"Қала күннен күнге өсіп жатыр, ал елорда тұрғындары жыл сайын 50-60 мың адамға артып келеді. Қолда бар инфрақұрылымға мән беріп қана қоймай, болашақты ойлап, алдын ала дамыту қажет. Сол себепті алдымызда мұндай проблемалар санын азайту әрі құрылыс кезеңінде байланыс құрылымдарын қоса салу міндеті тұр", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006646-birnese-mexanizmdi-qoldanamyz-zenis-qasymbek-elordada-internet-sapasyn-qalai-zaqsartatyndaryn-aitty/

pixel