Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі полицей Данияр Мейірхан мемлекеттен 25 млн теңге өтемақы талап етті

Жарияланған күні:

Данияр Мейірхан. Фото
Данияр Мейірхан. Фото: Instagram/meirkhan_daniyar

Белгілі полицей Данияр Мейірхан сот арқылы Шымкентте заңсыз қамауға алынғаны үшін моральдық өтемақы өндіріп алды. Бүгінде қаржы министрлігі оған 1,6 млн теңге көлемінде қаражат беруге міндеттелді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының шешіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, 2022 жылдың 22 cәуірінде Данияр Мейірхан Шымкент ПД-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 389 бабы 4 бөліміне сәйкес, қылмыстық заң бұзды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Осылайша ол уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Кейін айыптаулар ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабына (Алаяқтық) ауыстырылып, жемқорлыққа қызмет іс-қимыл агенттігіне жолданған еді.

Кейін анықталғандай Данияр Мейірхан Шымкент автосалондарының бірінен қымбат көлік иемденді деген күдікке ілінген еді.

Десе де Данияр Әлімхан 2022 жылдың 22 сәуірінен 1 мамырына дейін қамауда отырып, 40 млн теңгеге кепілге босатылған.

Алайда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері айыпқа қатысты дәлелдерді таппай, былтырғы жаздың ортасында іс тоқтатқан.

Осылайша тәртіп сақшысы қызметіне қайта оралып, бүгінде ол Шымкент патрульдік полициясы полкінің командирі қызметін атқаруда.

Аталған оқиғадан кейін Данияр Әлімхан Шымкент полиция департаменті мен Қаржы министрлігіне, моральдық зиян келтіргені үшін 20 млн теңге және тергеу барысында мүддесін қорғаған адвокат қызметіне қаражат жұмсағаны үшін 5 млн теңге көлемінде өтемақы төлеу талабымен арызданған болатын.

Қазіргі таңда сот шағымданушының талабын ішінара қанағаттандырған. Сөйтіп сот полицейге 1 млн 600 мың теңге көлемінде, өкіл қызметіне кеткен шығынын өтеу үшін моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Бүгінде сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006776-belgili-policei-daniyar-meiirxan-memleketten-25-mln-tenge-otemaqy-talap-etti/