Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсенбіде ел мегаполистерінің бірінде 17 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Жарияланған күні:

қыс
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 26 қаңтарда елордада қар жауып, аяз күтіледі. Ал Алматы мен Шымкентте күн ашық болады деп болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Бүгін Астанада қар жаууы ықтимал, десе де күн райы кейде ашық болуы да мүмкін. Күндіз елордада -11…-13 градус аяз күтілсе, түнде сынап бағанасы -15…-17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұдан бөлек жылдамдығы 7-12 м/с, кейде 15-18 м/с-ке дейін дейін жететін жел болады деп болжанып отыр.

Алматыда күн ашық, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -2…-4 градус аралықта, ал түнде -12…-14 градус аралықта болуы ықтимал. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 5 м/с-тен аспайды.

Шымкентте де күн ашық болады болжанып отыр. Күндіз термометр көрсеткіштері +1…+3 градусты көрсететін болса, түнде ауа температурасы -11…-13 градусқа дейін төмендейтін болады. Мегаполисте желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылдық ескерту жариялағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006796-beisenbide-el-megapolisterinin-birinde-17-gradusqa-ayaz-boluy-mumkin/