jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Қар жинап жүрген ер адам. Көрнекі сурет
Қар жинап жүрген ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер, 26 қаңтар, бейсенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, 26 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлі ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні - 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Сол сияқты бейсенбі күні Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Сонымен қатар елордасы Астанада оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз оның жылдамдығы 15-18 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

26 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Бұдан бөлек оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ бейсенбіде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында күн тұманды болады деп болжанып отыр. Өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні - 15-20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

26 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында да тұман түседі деп болжанып отыр.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында, бейсенбі күні, өңірдің солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде. Облыста оңтүстік-батыстан, батыстан жел тұрып, түнде аймақтың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде оның екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде - 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.