Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екібастұз жылу энергоға" ЖЭО-дағы заң бұзушылықтар үшін 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

ЖЭО
Екібастұздағы ЖЭО. Фото: Екібастұз қаласы әкімдігінің ресми сайты

"Екібастұз жылу энерго" ЖШС қалалық ЖЭО-дағы заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы атом және энергетикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Ринат Кәкімжанов мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Екібастұз ЖЭО ЖШС-дегі технологиялық заң бұзушылықтарды тергеу нәтижелері бойынша" "Екібастұз жылу энерго" ЖШС екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • 300 "Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалануды бұзу", сондай-ақ "Энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу"
  • 301-2 "Технологиялық заң бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзу", - деді Ринат Кәкімжанов.

Сонымен бірге ол қараша айындағы апатпен екі комиссия айналысқанын атап өтті. Олардың бірі Екібастұз ЖЭО-дағы технологиялық заң бұзушылықтарды анықтаса, екіншісі - жылу желілеріндегі заң бұзушылықтарды анықтаған.

Сарапшының айтуынша, Екібастұз ЖЭО-да технологиялық заң бұзушылықтың басты себебі - химиялық цех қызметкерінің жылу желісі құбырларының кері бағыттағы қысымын электрконтактілі манометрінің дұрыс емес көрсеткіштері салдарынан қоректендіру сорғыларын қосу (импульсті желі қатып қалған) болған.

"Осыған орай, кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жоспардан тыс тексеру аясында, "Екібастұз жылу энерго" ЖШС 300-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді құзырлы ведомство өкілі.

Бұдан бөлек, ведомство әкімшілік істерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қарағанын атап өтті.

Нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 110 750 теңгені құраған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006809-ekibastuz-zylu-energoga-zeo-dagy-zan-buzusylyqtar-usin-11-mln-tenge-aiyppul-salyndy/