jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Екібастұздағы төтенше жағдай режимі: дүйсенбі күні мектептер мен балабақшалар өз жұмысын қайта бастайды

Мектеп
Мектеп. Фото: pexels.com

Ертең, 19 желтоқсаннан бастап Екібастұздағы мектептер мен балабақшалар өз жұмысын қайта бастайды. Бұл жайлы қала әкімі Аян Байсекин өзінің Instagram парақшасында айтты. Осыған дейін Екібастұздағы жылу электр орталығындағы апатқа байланысты қалада төтенше жағдай жарияланған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мектептер мен балабақшадағы білімнің қашан басталатыны ең маңызды сұрақтардың бірі. Ертеңнен бастап білім ошақтарында білім офлайн түрде беріле бастайды. Мектептер арасында тек №24 және №1 білім ошағында білім беру екі-үш күнге кешірек бастады", - деді Екібастұз қаласының басшысы.

Екібастұзда балабақшалардың 19 желтоқсан күні өз жұмысын бастайтыны жайлы қалалық білім бөлімі Instagram парақшасында мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар кеше Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі білім ошақтарының дайындығын тексерген болатын. Ол бұл жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Екібастұздық балаларға үйде отыру жеткілікті деп ойлаймын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығы тексерілді", - деп айтты облыс әкімі. Сондай-ақ ол №1 мектеп-лицейде жылумен қамту қысымы жеткіліксіз болып шыққанын айтты.

"Энергетиктермен бірлесе отырып, мәселені зерттедік. Мамандардың айтуынша, жылу жүйесін шаю қажет. №11 орта мектепте де жағдай осындай. Авариялық жағдайдағы №25 балабақшада жылу радиаторлары қалпына келтірілді. Дүйсенбіге дейін температураны қалыпқа келтіру жоспарда бар", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында апат орын алып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

Осы апатқа байланысты қалада төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Екібастұздағы төтенше жағдай режимі: дүйсенбі күні мектептер мен балабақшалар өз жұмысын қайта бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.