Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 80 жастан асқан қариялар шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Түркістан облысында отау құрған қария
Отау құрған қария. Фото: Almaty телеарнасы

Түркістан облысындағы Қарттар үйінде осымен екінші рет 80 жастан асқан қария кісілер шаңырақ көтерді. Олар №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды Almaty телеарнасы.

Қарттар үйінде 10 жылдан бері тұрып келе жатқан Салтанат Ешанқожаева жолдасын кезіктіргеніне қуанышты екенін жасырмайды.

Екі жарты бір бүтін болған олар осыдан 4 ай бұрын шаңырақ көтеріп, отбасын құруға шешім қабылдаған. "Жасымыз 80-нен асса да өзімізді сергек сезінеміз" деген ерлі-зайыптылар Қарттар үйінде уақыттарының көңілді өтетінін айтты.

"Демалып отырсам, қасыма келіп "мені сені ұнатып қалдым" деді. Мен сенен үлкенмін ғой десем, "ештеңе етпейді жасыңды бөлісіп аламыз" деп қалжыңдады", – дейді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Салтанат Ешанқожаева.

Аталған орталықтың тұрғыны Қашымбек Мұсақұловтың айтуынша, сыйластық болған жерде махаббат та болатыны заңдылық.

Облыстық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгінде 167 адам бар. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұнда бір-бірін ұнатып, отау құрғысы келетіндер жиі кездесетін көрінеді.

"Орталықта 120 ер, 54 әйел және 49 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Қазір келушілер саны азайды. Көбінесе отбасында әжелер қайтыс болған соң, атасына күтім жасай алмай, осында алып келіп жатады", – дейді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Дашти Каримов.

Орталықта қарияларға барлық жағдай жасалған. Дегенмен ол адамға өз шаңырағындай бола алмасы анық. Мұны ескерген мамандар орталықты паналағандардың отбасына түсіндіру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде 7 қарияны туысы үйіне қайта алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007078-turkistan-oblysynda-80-zastan-asqan-qariyalar-sanyraq-koterdi/

pixel