jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбеде өмірлік жарын іздеген ер адам қоқыс жәшігіне хабарландыру қалдырған

Жалғызбасты ер адамның хабарландыруы
Хабарландыру. Фото: Diapazon.kz

Ақтөбе тұрғындары үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен ерекше хабарландыру тауып алған. Онда: "Әйелмен танысқым келеді. Өзім туралы: 60 жастамын" деп жазылған және астына телефон нөмірін қалдырған. Нөмірге "Диапазонның" тілшісі хабарласып көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хабарландырудың авторы өзінің аты-жөнін атамағанымен, осылайша өмірлік серік іздеп жүргенін айтқан. Бірақ ол Ақтөбеде тұрмайтын болып шықты.

"Мен Ақтөбеден 200 шақырымдай жердегі Шұбарқұдық деген жерде тұрамын. Ажырасқаныма көп болды, жалғыз тұрамын, жалғызбастымын деуге болады. Газеттерге танысу жайлы хабарлама бергенмін. Олар қоңырау шалады, бірақ нәтиже болмай жатады: мен оған ұанамаймын немесе менің талғамыма сәйкес келмейді, әйтеуір жараспаймыз, талғамымыз сәйкеспейді, сондықтан жалғыз жүрмін.

Ақтөбеге қонаққа барып тұрамын. Сондықтан қоқыс жәшігіне хабарландыру қалдыруды жөн көрдім. Мүмкін жанына өтіп бара жатқан әйел менің хабарландыруымды көріп қалар", – дейді ер адам.

Ақтөбеде өмірлік жарын іздеген ер адам қоқыс жәшігіне хабарландыру қалдырған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.