jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жел, бұрқасын, тұман: Қазақстанның 7 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 қаңтарда еліміздің 7 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, сенбіде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

28 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Сонымен қатар өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

28 қаңтарда Көкшетау қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

28 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында да шығыстан жел соғып, екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

28 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, 28 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан қаласында тұман күтіледі.

28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Бұдан бөлек өңірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

28 қаңтарда Петропавл қаласында да түнде бұрқасын болып, жел тұрады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

28 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.