jitsu gif

Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн райы 9 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Құс
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүйсенбі, 30 қаңтарда Алматы мен Шымкент қалаларында күн жылы болады деп күтілуде. Ал елордада бүгін аяз болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда сынап бағаналары 0...+2 градус жылыны көрсетеді. Ал түнде температура -7...-9 градусқа дейін төмендейді. Шаһарда жауын-шашын жаумайды, желдің күші секундына 0-5 метрге дейін жетеді.

Астанада күндіз -12...-14 градус суық болады, ал түнде ауа температурасы -21...-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қалада жауын-шашын жаумайды. Дегенмен, жел секундына 3-8 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Бүгін Шымкентте күн +7...+9 градусқа дейін жылы болады. Ал түнде сынап бағанасы -2...-4 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар Шымкентте де жауын-шашын жаумайды деп күтілуде. Желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді.

Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн райы 9 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.