Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Михаил Козачков
Михаил Козачков. Фото: Facebook / Михаил Козачков

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 30 қаңтарында Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылған.

Яғни, Казачковқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға дейін, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзартуға санкция берілген.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Михаил Козачков былтыр желтоқсан айында Алматы және Алматы облысының аумағында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007341-mixail-kozackovty-qamauda-ustau-merzimi-18-nauryzga-deiin-uzartyldy/

pixel