Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, екпінді жел: ел мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

жаңбыр 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМҚ ресми сайты сәрсенбі, 1 ақпанға арналған Алматы, Астана және Шымкенттегі ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда күндіз ауа температурасы +3 градустан +5 градусқа дейін көтерілсе, түнде -3...-5 градусқа дейін суытады. Оңтүстік астанада бүгін жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 0-5 м/с болады деп күтілуде.

Астанада да бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, термометр бағаны күндіз -12...-14, түнде -20-дан -22 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 1-6 м/с болуы ықтимал.

Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің екпіні 8-13 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады. Мегаполисте ауа температурасы күндіз +10...+12 градусқа дейін көтерілсе, түнде +2...+4 градус болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007545-zanbyr-ekpindi-zel-el-megapolisterinde-bugin-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel