Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімі LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Жарияланған күні:

Астанадағы LRT құрылысын салуға тұрғызылған бағаналар
Астанадағы LRT бағаналары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көліктің құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Астана әкімі атап өткендей, жер үсті метрополитені құрылысының кезекті кезеңі былтыр басталған. Елорда әкімдігі екі жыл ішінде жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр.

"Былтыр алғашқы соманы үкімет берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді жүргізіледі. Қазір жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, сондай-ақ LRT-де жұмыс істейтін болашақ пойыздарға техника, аванстық төлемдер жүргізілуде. 2023-2024 жыл ішінде жоба іске асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс", – дейді Жеңіс Қасымбек.

31 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын мейлінше тездетіп аяқтауды тапсырған болатын.

"LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деген еді президент елорданы дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007787-astana-akimi-lrt-qurylysy-qasan-ayaqtalatynyn-aitty/