jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаңбыр, қар және аяз: Жұмада елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

ақпан айы
Көшеде кетіп бара жатқан қала тұрғыны. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 3 ақпанда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда қар жауады, ал күндіз сынап бағанасы +4...+6 градусты көрсетіп, түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді. Қалада желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Астанада бүгін жауын-шашын болмайды, бірақ жел 3-8 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз -8...-10, түнде -19...-21 градусқа дейін суытады.

Шымкентте бүгін тағы да жаңбыр жауады. Елдің үшінші мегаполисінде күндіз сынап бағанасы +9...+11 градусқа дейін көтеріледі, түнде +1...-1 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ, тұрғындарға желдің 8-13 м/с күшеюі мүмкін екендігі ескертіледі.

Жаңбыр, қар және аяз: Жұмада елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.