jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    СҚО-да үйінен қашып кетіп, екі күннен соң табылған жеткіншек балалар үйіне жіберілді

    Бала
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысында екі тәулік бойы іздеуде болып, табылған 10 жасар балаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бүгінде оны асырап алған ерлі-зайыпты жеткіншекке жәбір көрсетті деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    СҚО прокуратурасының басылымға берген мәліметінше, үйден қашып, екі күннен кейін иесіз үйден табылған баланың денесі көгерген.

    Сондай-ақ басылым қазір аудандық ауруханада ем алып жатқан баланың жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлім етті.

    "Денесіндегі жарақаттардың болуы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына негіз болды.

    Аудан прокуратурасының мұрындық болуымен патронаттық тәрбиелеу туралы шарт тоқтатылды, кәмелетке толмаған баланы ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға арналған білім мекемесіне орналастыру туралы шешім қабылданды.

    Баланы тиісті тәрбиелемеудің бұл дерегі қадағалау органы өкілінің қатысуымен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияда қаралды", - делінген прокуратураның баспасөз хабарламасында.

    Бұл іс егжей-тегжейлі тексерілмек. Өкілетті органдар – прокуратура, қамқоршылық орган және білім басқармасы өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. Одан бөлек, облыс прокуратурасы өкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне баға бермек.

    Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО-да 10 жасар бала жоғалып, тек екі тәуліктен кейін аман-есен табылғаны туралы хабарлаған едік. Жасөспірімнің асырап алушы әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.