Нұрлан Мәсімовке қатысты істі қарайтын судья тергеушінің туысы болып шыққан
Жарияланған күні:
Павлодар облыстық сотының судьясы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша арызды қараудан өздігінен бас тартты. Бұған сотқа дейінгі тергеу тобының құрамында оның жиенінің болуы себеп, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Прокурордың өтінішхаты судья Гомар Суханқұловтың атына берілді, ол Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қараудан өздігінен бас тарту туралы мәлімдеуге міндеттеледі. Тиісті арызды сот алқасының төрағасы қарады.
"Қылмыстық іс материалдары бойынша тергеуге осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында судья Суханқұловтың туысы, яғни, оның жиені, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкері Суханқұловтың қатысқаны анықталды. Іс материалдарында оның қатысуымен жүргізілген іс жүргізу құжаттары (хаттамалар, сараптамалық тағайындау және т.б.) бар", - делінген Павлодар облыстық сотының қаулысында.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 87-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес судья, егер ол тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса, істі қарауға қатыса алмайды. Бұл өздігінен бас тартуға негіз болды.
Горам Суханқұловтың арызы қанағаттандырылды. Айыпталушылар Мәсімов, Сиразидимов, Евковичке қатысты қылмыстық іс басқа судьяның қарауына жіберілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық сотында прокурордың өтініші қаралған болатын. Апелляциялық сотта мемлекеттік айыптаушы жаңа айыптау актісі жасалып, онда қателер түзетіліп, айыптың мәні толық баяндалғанын айтқан еді.
Нәтижесінде алқа Нұрлан Мәсімовке қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы сот шешімінің күшін жойып, материалдарды Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберді.
Айта кетейік, Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысына 2022 жылдың сәуірінде іздеу жарияланып, шілде айында Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өтпек болған жерінен ұсталған болатын.
2022 жылдың желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет материалдардың сотқа қарауға жіберілгенін хабарлады. Бұл іс бойынша генерал-майормен бірге оның бұрынғы орынбасары Сиразидимов пен кәсіпкер Евкович айыпталуда. Бұрынғы полиция қызметкерлері 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және артиллериялық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған 420 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007924-nurlan-masimovke-qatysty-isti-qaraityn-sudya-tergeusinin-tuysy-bolyp-syqqan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.