Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша сот басталды

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Видеодан кадр: Т.me/antikornews

Бүгін Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтуде. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сағат 15:00-ге алдын ала тыңдау белгіленді. Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша негізгі сот талқылауының уақыты бекітіледі", – деп хабарлады соттан.

Еске салайық, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды.

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004449-pavlodarda-buryngy-policiya-bassysy-nurlan-masimovtin-soty-bastaldy/

pixel