jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда феминистер "митинг өткізу үшін" митингке шықты (видео)

Феминистер шеруі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жексенбі, 5 ақпан күні Алматыда қазақстандық феминистік ұйымдардың рұқсат етілген митингі өтті. Әйелдер құқығы үшін күресушілер Ганди атындағы саябақта жиналды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін марштың Instagram парақшасында 5 ақпан күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Алматыдағы Ганди атындағы саябақта митинг үшін митинг өтетіні хабарланған болатын.

Белсенділер 8 наурыз күні феминистер маршын өткізуге тырысуда.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында "Феминита" тобы Instagram парақшасында қала билігі 8 наурызда марш пен митинг өткізуге рұқсат бермегенін, ал митинг өткізуге болатын орынның бәрін басқа ұйымдарға бергенін хабарлады.

"Біз ешкіммен бәсекелескіміз келмейді, біз 8 наурызда марш пен митинг өткізу құқығымызды талап етеміз. Бұл үшін Алматыда орын жеткілікті деп есептейміз", - деді топ өкілдері.

Белсенділердің сөзінше, Алматыдағы феминистік марш алғаш рет 2017 жылы әкімдіктің рұқсатынсыз өткен. Ал 2019 жылы әкімдік ресми түрде рұқсат берген. Дегенмен 2020 жылы FemAgora, "КазФем" және "Феминита" ұйымдарына 8 наурыз күні марш өткізуге рұқсат берілмеген.

2021 жылы әкімдік рұқсат еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі феминистік марш өтті. Ал 2022 жылы белсенділерге марш өткізуге рұқсат берілмеген, алайда әкімдік митинг өткізуге келісім берген.

"2023 жылы әкімдік басқа ұйымның іс-шараларымен ауыстыруға тырысып, бізге маршты да, митингті де өткізуге рұқсат бермеді. Дегенмен әкімдік заң бойынша әртүрлі ұйымдастырушының өз іс-шараларын сұралған жерде өткізуін қамтамасыз етуі керек.

Бірақ біз заң мен әділеттің бар екеніне сенімдіміз. Әкімдіктің бас тарту туралы шағымымыз бойынша шешімін күтіп отырып, біз митингке шығуға тырысамыз", - дейді белсенділер.

Айта кетейік, NUR.KZ тілшісі қала әкімдігіне сауалмен жүгінген, алайда жауап берілген жоқ.

Алматыда феминистер "митинг өткізу үшін" митингке шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.