"Азабын тартып жатырмын": Алматы облысында әріп танымайтын әйел 42 жасында әліппені қолға алды
Жарияланған күні:
Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай отыр. Ал балалардың анасы 42 жасына дейін әріп танымаған, деп жазады "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жаңакүл 1981 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. Шамамен 1988 жылы мектепке бару керек болған. Алайда белгісіз себептермен оқымаған.
"Әйелім 7 жасында анасынан айырылған. Әжесі, әкесі мен өгей анасының қолында өскен. Сауаты жоқ, әріп танымайды. Егер мүмкіншілік болса, кешкі мектепте болса да оқыса екен", - дейді оның жары Талғат.
"Әріп танымаймын. Оқи да, жаза да алмаймын. Шыны керек, ешқандай әріп білмеймін. Әріп тану - менің өмірлік арманым. Қазір осының азабын тартып жатырмын. Қыздарым үшін де сауатты болғым келеді. Кезінде өзім оқымадым, ниет те болмаған шығар", - дейді Жаңакүл.
Бағдарлама жүргізушісі Гүлмира Әбіқай бұл мәселенің де шешімін тауып, Жаңакүлді оқу орталығының жетекшісіне тапсырды. Аталған орталық Жаңакүлді тегін оқытады.
Өмірінде мектеп табалдырығын аттамаған әйел алғаш рет партаға отырып, әліппені үйреніп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008213-azabyn-tartyp-zatyrmyn-almaty-oblysynda-arip-tanymaityn-aiel-42-zasynda-alippeni-qolga-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.