Шымкентте жер сілкінді
Жарияланған күні:
Қазақстанның үшінші мегаполисінде бүгін, 6 ақпанда күші 2-3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің ресми сайты хабарлады.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 19:02-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 628 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,7. Магнитудасы - MPV 5,4. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі туралы ақпарат (МСК-64 шкаласы бойынша): Шымкентте 2-3 балл", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Түркияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан мыңдаған ғимарат қирап, соңғы мәлімет бойынша 1014 адам көз жұмды.
Сондай-ақ жерасты дүмпулері Ливия мен Сирияда да болды. Табиғи апат салдарынан Сирияда 230-дан астам қаза тапты. Тағы 639 адамның жарақат алғаны хабарланды.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, үкіметке Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008272-symkentte-zer-silkindi/