jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев үкіметке Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

    Мемлекет басшысы
    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасы.

    "Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", - делінген ресми хабарламада.

    Еске сала кетейік, кеше түнде Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 бал болатын күшті жер сілкінісі тіркелді.

    Жерасты дүмпулері тек Түркияда ғана емес, көршілес Сирия мен Ливияда да сезілді. Жер асты дүмпуі салдарынан ғимараттар қирады.

    Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 500 адам қаза тапты, оның 230-дан астамы сириялықтар, сондай-ақ кем дегенде 280 түрік азаматы көз жұмды.

    Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдаған болатын. Ол түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.