Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автонесиеге алынған көлікті қайта сатуға бола ма: Өнеркәсіпті дамыту қоры жауап берді

Опубликовано:

жаңа көлік
Автосалондағы жаңа көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жеңілдетілген пайызбен автонесие берудің алғашқы кезеңі басталды. Санаулы секундта 761 қазақстандық автонесие алу мүмкіндігіне ие болды. Осы орайда Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілі несиеге алынған көлікті қайта сатуға бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаровтың басылымға айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынған көлікті қайта сату мүмкін емес.

"Өйткені, ол жерде әр адамның ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген. Одан бөлек, клиенттің аты-жөні мен банк төлем шоты ұсынылады. Яғни автомобиль тек сол адамға беріледі және ол ала сала біреуге сата алмайды", - дейді Ринат Гаппаров.

Оның айтуынша, автонесиелендіру бойынша жағдай қордың бақылауында және процесс автоматтандырылған.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда елімізде жеңілдетілген пайызбен автонесие алуға өтінім беруге арналған autonesie.kz сайты іске қосылды.

Платформа іске қосылғаннан кейін 18 секунд ішінде жеңілдетілген автонесие алуға барлығы 761 қазақстандық өтініш бере алған. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "Өтінім беру" функциясы тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008501-avtonesiege-alyngan-kolikti-qaita-satuga-bola-ma-onerkasipti-damytu-qory-zauap-berdi/

pixel