Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстік, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста ауа райы тұрақсыз болады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қатты қар жауады деп күтілуде. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Алдағы күндері республика бойынша тұман, бұрқасын және жел күшейеді деп болжануда.

Синоптиктердің болжамынша, 11 ақпанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын біртіндеп тоқтап, түнде ауа температурасы -8...-21 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008600-qar-koktaigaq-tuman-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/