jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда фильм түсіріліміне байланысты екі қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

Қоғамдық көлік
Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда фильм түсіріліміне байланысты екі қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы қалалық әкімдік Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Алматы қалалық көлік холдингінің мәліметінше, 9 ақпан күні сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін фильм түсіріліміне байланысты №22 және №80 маршруттың бағыттары уақытша өзгереді.

Осыған байланысты:

  • № 80 автобус солтүстік бағытта – Манас көшесі – Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – Гоголь көшесі – Байзақов көшесі әріқарай схема бойынша, кері бағытта – Байзақов көшесі – Гоголь көшесі – Әуезов көшесі – Төле би көшесі – Байзақова көшесі әрі қарай схема бойынша;
  • № 22 автобус оңтүстік бағытта – Әуезов көшесі –Гоголь көшесі әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – Гоголь көшесі – Әуезов көшесі әрі қарай схема бойынша жүреді.

"Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды", - дейді қалалық көлік холдингінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін фильм түсіріліміне байланысты Алматыдағы Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылып, кейбір қоғамдық көліктердің бағыты уақытша өзгерген еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.