jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда фильм түсіріліміне байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

автобустар
Қоғамды көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда фильм түсіріліміне байланысты кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдіктің мәліметінше, фильм түсіріліміне байланысты 4 ақпан сағат 12:00-ден 5 ақпан сағат 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық яғни Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылады.

Осыған байланысты №45, 95, 121 қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді.

  • №45 автобус шығыс бағытта - Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Желтоқсан көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
  • №95 және № 121 автобустар шығыс бағытта - Сәтбаев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі сызба бойынша жүретін болады.
Алматыда фильм түсіріліміне байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.